"№3 ЖОББМ" КММ

“Табысты оқушы-табысты мұғалім”

“Табысты оқушы-табысты мұғалім”

20.11.2023ж. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын үйлестіруге бағытталған   “Табысты оқушы-табысты мұғалім” ашық есік күніне ата-аналар келіп, сабақтарға қатысып, балаларының біліміне қатысты ақпараттармен бөлісті.

“Ашық есік күні-ынтымақтастық негізі” атты ата-аналарға  ашық есік күні өтеді

“N3 ЖОББМ” КММ-сі бойынша шағын орталық, мектепалды, бастауыш сыныптар арасында 20-25 қараша аралығында “Ашық есік күні-ынтымақтастық негізі” атты ата-аналарға  ашық есік күні өтеді. Мақсаты: мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын үйлестіріп, балалардың мектептегі алып жатырған...

«Жеміс-жидек пен көкөністер қонақта» сахналық қойылым қойылды

Бастауыш бірлестігінің жоспарына сәйкес тәрбиеші А.Абдігалиеваның ұйымдастыруымен шағын орталықта «Жеміс-жидек пен көкөністер қонақта» сахналық қойылым қойылып,балалармен жұмыс жүргізілді. Мақсаты:балаларға жеміс-жидек пен көкөністерді ажырата білу,сөздік қорларын дамыту,әңгімелей білуге үйрету.

«Өсімдіктер әлемі » тақырыбында бөлме өсімдіктері таныстырылды

15 қараша күні  Бастауыш бірлестігінің жоспарына сәйкес  4«А» сынып оқушыларына «Өсімдіктер әлемі » тақырыбында бөлме өсімдіктері таныстырылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың мақсаты: балаларды ұйымшылдық, тазалық, жауапкершілікке тәрбиелеу.

25-қазан Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында Республикалық диктант жазылды

25-қазан Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында Республикалық диктант жазылды. Жалпы Республикалық диктантты өткізудің мақсаты – Мемлекеттің құндылықтар мен қағидаттарын құрметтеу, Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келіісім мен ел бірлігін нығайту.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында шағын орталық тобының  тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхат жасады

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында шағын орталық тобының  тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерді  кітапқа деген қызығушылығын арттыру Топ тәрбиешісі-А.А.Абдигалиева