"№3 ЖОББМ" КММ

Рәміздер туралы түсінік берілді

Рәміздер туралы түсінік берілді

“#3ЖОББМ” КММ-нің “Айгөлек” шағын орталық тобында тәрбиеленушілердің қатысуымен тәжірибе жасау арқылы тудың бейнесін шығарып, Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы түсінік берілді. Топ тәрбиешісі: А.С.Жулекенова

«Су бетінен  оюдың бейнесін көру» тәжірибесі ұйымдастырылды

«Су бетінен  оюдың бейнесін көру» тәжірибесі ұйымдастырылды

“3 ЖОББМ”КММ -де “Айгөлек” шағын орталық тобында балаларға ұлттық ою-өрнек туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Су бетінен  оюдың бейнесін көру» тәжірибесі ұйымдастырылды. Топ тәрбиешісі: А.С.Жулекенова

Балалардың сезімдерін сурет арқылы жеткізуге бағытталған жаттығулар қолданды

Балалардың сезімдерін сурет арқылы жеткізуге бағытталған жаттығулар қолданды

Мектепалды “А” сыныбының тәрбиешісі Э.Шаншарова тәрбиеленушілермен ауа арт-терапиясын ұйымдастырып, балалардың сезімдерін сурет арқылы жеткізуге бағытталған жаттығулар қолданды. Балалардың жасырын қабілеттерін анықтауға, қоғаммен байланыс жасауға, өзін-өзі бағалауды үйретуге басымдық берілді.

Каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолы

Каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолы- білімдегі олқылықтарды жоюға бағытталған қосымша сабақтар. 3.01-5.01.2024ж аралығында бастауыш сынып мұғалімдері Л.Жандосова, М.Тажмагамбетова, Ж.Наурызалы, Л.Тенисбаева, Н.Батырова   жағымды оқу ортасын ұйымдастырып, оқушыларға қолдау көрсетті.

Жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қосымша сабақтар өткізілді

Күзгі каникул күндері 1-сынып оқушыларының мектепке табысты бейімделуін, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қосымша сабақтар                               М.Тажмагамбетованың ұйымдастыруымен өткізілді.  Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында  Л.Жандосова  3″Б” сыныбында жекелеген оқушылармен жұмыс жасады.

“Өнерлі болсаң озып көр” атты отбасылық сайыс өтті

“Өнерлі болсаң озып көр” атты отбасылық сайыс өтті

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Ашық есік күні -ынтымақтастық негізі” апталығының жоспарына сәйкес 1″А” сыныбында “Өнерлі болсаң озып көр” атты отбасылық сайыс өтті. Сайысқа қатысушы Ескендіровтер, Ермұхамбетовтер, Әлімжановтар,, Жолдыбаевтар,, Қалжановтар отбасылары өнерлерін көрсетті. Көсетілген бейнероликтер...

“Табысты оқушы-табысты мұғалім” ашық есік күніне ата-аналар қатысымының саны артты

“Табысты оқушы-табысты мұғалім” ашық есік күніне ата-аналар қатысымының саны артты

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын үйлестіруге бағытталған   “Табысты оқушы-табысты мұғалім” ашық есік күніне ата-аналар қатысымының саны артты. Мектептің материалдық базасы мен мұғалімдердің әдістемелік шеберліктеріне ризашылықтарын білдіріп, кері байланыс берді.

“Табысты оқушы-табысты мұғалім”

“Табысты оқушы-табысты мұғалім”

20.11.2023ж. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын үйлестіруге бағытталған   “Табысты оқушы-табысты мұғалім” ашық есік күніне ата-аналар келіп, сабақтарға қатысып, балаларының біліміне қатысты ақпараттармен бөлісті.

“Ашық есік күні-ынтымақтастық негізі” атты ата-аналарға  ашық есік күні өтеді

“N3 ЖОББМ” КММ-сі бойынша шағын орталық, мектепалды, бастауыш сыныптар арасында 20-25 қараша аралығында “Ашық есік күні-ынтымақтастық негізі” атты ата-аналарға  ашық есік күні өтеді. Мақсаты: мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын үйлестіріп, балалардың мектептегі алып жатырған...