Еңбек кодексі

Еңбек кодексі – кодификацияланған еңбек туралы заңнамалық акті (кодексі); еңбек құқығының негізі болып табылады.

Кодекс қосымша лауазымдарды қоса атқару, қызмет ету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау нормаларымен толықтырылғын.

ЕК 131 бабында қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын мерзімін, жұмыстың мазмұны мен көлемін жұмыс беруші қызметкердің жазбаша келісуімен белгілейді деп анық жазылған.

Қашықтық жұмыс туралы норма Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен ұсынылды. Ер және әйел адамдарға қатысты. Қашықтықтан жұмыс, жұмыскердің жұмыс берушіден алыс жерде болғанда жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланады. Қызметкер үйде орындай алатын жұмыс түрлері болады.
Қашықтық жұмыс барысында жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді.

Қызметкер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлейді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау комиссиясы жұмыс беруші және жұмысшы бастамасымен құрылады.

Құрамына екі жақтың өкілдері кіруі қажет.
Бұл комиссия еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету әрекетін, кәсіби аурудың және жарақаттанушылықтың алдын алуды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық келісім бөліміне ұсыныстарды жинауды бірігіп ұйымдастырады.
Еңбек кодексі жұмыс берушінің міндеттері мен ең төмен кепілдерін орнатады.
ҚР «Еңбек кодексін» жүктеу (DOC, 879 КБ)

введите текст

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *