Педагогтің бос орнына конкурс жариялау

Хабарландыру!!! “№3 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының(19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес АӘжТД пәні мұғалімі 1-бірлік тұрақты бос орынға конкурс жариялайды.

Мектепте бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының “enbek.kz” сайтына, мектептің “https://sh3.edu.kz” ресми сайтына, мектептің инстаграм @3_orta_mektep парақшаларынан көруге болады;

Конкурсқа қатысуға қабылдау жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (11.09.23 дейін);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық(gysh_3@mail.ru) немесе қағаз түрінде (Ы.Нұртаев тұйығы №1) жолдай алады;

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы( нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса).
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес “Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы” мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмелері; “Запастағы офицер”, офицерлік құрам лауазымдарына жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі -ҰБТ) немесе педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін 5 жыл біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *