Анықтама «Жыл оқушысы — 2022» байқауы
Зерттеу мақсаты: оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу. Көшбасшылық қасиеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Зерттеу уақыты: 19.12.2022ж
Зерттеген: Қосымша білім беру педагогы
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам»,-деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында ғылым мен білімді кейінгі жастарға насихаттады. Білімді адам еш нәрседен қорықпайтыны анық. Бұл ғасыр білектің күшіне емес білімнің күшіне сенетін ғасыр екені бәрімізге белгілі. Окушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабылетін шыңдайтын 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыл оқушысы — 2022» анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын байқау өтті. Бұл байқаудың мақсаты: оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу. Көшбасшылық қасиеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Жалпы байқау ІІІ кезеңнен тұрады.
І. Оқушы жетістігінің портфолиосы
ІІ. «Менің кіші Отаным» жоба қорғау
ІІІ. Шешендік өнер
Байқауда оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары деңгейде болды. Байқауды қосымша білім беру педагогы Г.Қожанова өткізді. Байқауға қатысқан оқушылар түрлі номинацияларға мен сыйлықтарға ие болып, «Жыл оқушысы -2022» байқауының жеңімпазы 10а сынып оқушысы Аманжолов Арсен Сексенбайұлы марапатталды.









