Тарихы бар ел ғана тарих жасай алады
Мектеп жанынан «Тарихы бар ел ғана тарих жасай алады» атты мектеп мұражайының ашылу салтанаты өтті. Мұражайды ашудағы мақсатымыз: ардагер ұстаздарымызды, шәкірттерімізді мақтан тұтуға лайықты қасиетті тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, өскелең ұрпаққа рухани азық бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, болашақта біздің мектебіміздің оқушылары осы азаматтарға теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі болатынына қол жеткіземіз деген ойдамыз.

