«Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында таным сағаты
«N3ЖОББМ» КММ -де 5-сынып оқушыларының ертегі арқылы эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой қиялын дамыту, мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу, сонымен қатар достыққа, ұйымшылдыққа, жақсы көңіл — күй сезе білуге баулу мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында таным сағаты өткізілді. Ертегілер жайында мағлұмат берілді.»Ертегі» терапиясында топқа бөлініп, өздеріне ұнайтын жұмсақ фигураларды таңдап алып, қиялдағы ертегісін құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.Ашық микрафонда оқушылар білетін ертегілерін айтып, сұрақтарға жауап алынды.»Ертегілер әлемі» әнін хормен орындады.Алған әсерлерімен, түйген ойларымен бөлісе отырып, алдағы уақытта кітап оқуға шақырылды.
Өткізген: кітапханашы Г.Жасарова,
педагог — психологы: З.Ш.Байтанатова

