«Балалық шаққа саяхат» семинар — тренинг
«N3ЖОББМ» КММ -де 6-сынып оқушыларының сөздік қорын, актёрлік шеберліктерін, кызығушылықтарын қалыптастыру, рөлді сомдауға, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу мақсатында «Балалық шаққа саяхат» семинар — тренинг өткізілді.
«Менің атым Қожа” шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев туралы мағұлмат берілді. «Кино» терапияда оқушыларға кино көрсетіліп, алған әсерлерімен бөлісті. «Сұрақ-жауап» айдарында оқушыларға шығарма бойынша сұрақтар қойылып , толықтай жауаптарын берді.
Оқушылар сахналық көріністерді қойып, өздеріне берілген кейіпкерді дәл солай рөлге еңіп, сомдап шықты. Рефлексияда іс-шарадан алған әсерлерімен, таң калдырған жерлерін, өз ойларын ашық еркін жеткізді.
Өткізген: кітапханашы Г.Жасарова,
Педагог — психологы: З.Ш.Байтанатова


