«Жаныңда жүр Жас Ұлан!» қайырымдылық акциясы
Ел жақсысын құрметтеу – ұлтымызды ұлы істерінің бірі. Ардагерін ардақтап, аялай білсе, жалпы адамзат баласы алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. «Жас Ұлан» жастар ұйымының мүшелері жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуге арнаған қарт ұстаздарымызды қастерлеу мақсатында 20 ақпан күні «Жаныңда жүр Жас Ұлан!» тақырыбында қайырымдылық акциясына қатысып, жалғызбасты қарттарға қол ұшын беріп қайтты.


